Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдептілік - мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Әдептілік - мемлекеттік қызметтің ұстанымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқаннан бері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру - Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.
Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында 2022 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №814 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Бұл Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Кодекстің жаңа редакциясында «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа, яғни адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану деген қағидаттарға негізделген.
Сонымен қатар, жаңа Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қвзметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бекітіліп, оны насихаттау мен бұзушылықтардың профилактикасында Әдеп жөніндегі кеңестің және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлінің маңыздылығы артты.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің16 отырысы өткізіліп, 86 мәселе күн тәртібіне шығарылды. Қаралған мәселелердің 45-ы тәртіптік іс болса, 41-і мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасына бағытталды.
Кеңесте қаралған тәртіптік істер нәтижесімен 32 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 10 мемлекеттік қызметшінің 8-і Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 24 мемлекеттік қызметшінің 22-не қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 2-не атқаратын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 2 облыстық департамент басшысының орынбасары,1 инспекция басшысының орынбасары, 1 басқарма басшысы,1 орталық мемлекеттік органның аумақтық басқарма басшысы, 1 қала әкімі, 3 кент әкімі, 14 ауылдық округ әкімі, 6 дербес бөлім басшысы және 3 өзге де лауазымды тұлғабар.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші, ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, қызмет барысында әдептілік нормаларын қатаң сақтауды, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауды жәнемемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.
Сакен Жумаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
27 наурыз 2023 ж. 417 0