Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметтік әдепті сақтау – мемлекеттік қызметшілердің міндеті

Қызметтік әдепті сақтау – мемлекеттік қызметшілердің міндеті

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады.
Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңдардағы Парламент мәжілісінің отырысындамемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлану үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.
Осыған байланысты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында ағымдағы жылдың 22 ақпанында ел Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (Бұдан әрі - Кодекс) жаңа редакцияда қабылданды.
Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, онда мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары енгізілді.
Кодекстің негізгі бағыты – мемлекеттік қызметте қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз жағдайларының алдын алу болып табылады.
Мұнымен қатар, Жаңа Кодексте Агенттік пен оның аумақтық департаменттері қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалып отыр.
Жоғарыда аталған жаңа Әдеп кодексінтүсіндіру және кодекс талаптарының қатаң сақталуын бақылау бағытында персоналды басқару қызметі мен Әдеп жөніндегі уәкілдер тиісті шаралар қабылдау қажет.
Дегенмен, мемлекеттік қызметті Кодексте белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кездерімемлекеттік қызметшілер тарапынан әдепкодексінің талаптарын бұзу фактілері азаймаған.
Мәселен, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік органдарда 310 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.
Оның ішінде, Кодекс талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметшіге, ал мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 2 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған.
Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жазаларға (сөгіс - 2, қатаң сөгіс – 1, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту – 1) тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 9 мемлекеттік қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және 1 мемлекеттік қызметшіге «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған.
Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 2 облыстық департамент басшысының орынбасарлары, 1 облыстық басқарма басшысы, 6 ауылдық округ әкімі, 3 аудандық дербес бөлім басшысы және 2 өзге лауазымды тұлға бар.
Есепті мерзімде Басқарманың қарауына 118 өтініш түсіп, оның ішінде ішінде: 69-ы құзыреттілігіне сәйкес басқа органдарға қарау үшін жолданды, 2 өтініштің қаралуы дұрыс рәсімделмеу себебіне байланысты тоқтатылды, 2 өтініш иелерімен кері қайтарылды, 12 өтініш бойынша түсіндірме берілді, 33 өтініш негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Тексерулер барысында 144 бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтарды жою туралы 19 нұсқама мен 4 ұсыну енгізілді.
15 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Тексерулер нәтижесімен 7 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылып, бұзушылықтарға жол берген4 мемлекеттік қызметшіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл өндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзушылықтарының негізгі себебі, олардың тек қана құқықтық сауаттылығының төмендігі емес, мемлекеттік органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің әлсіз қызметі болған.
Мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдерінің институты мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларының және Кодекс бұзушылықтарының алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Олардың жүзеге асыратын негізгі функциялардың бірі – мемлекеттік қызметшілерге консультатциялық көмек көрсету. Мұндай көмек мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілер әдебінің кез келген мәселелері бойынша көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңнамада көзделген шектеулерді және тыйымдарды сақтауды қамтамасыз етеді, ұжымда жалпы қабылданған моралдық-әдептілік нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Алайда, өкінішке орай, әдеп жөніндегі уәкілдерге кең құзыреттер берілгенімен, аталған құзыреттер олардың тарапынан толық көлемінде пайдаланбайды.
Осы ретте, әдеп жөніндегі уәкілдерге осы бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында пәрменді шараларды қабылдап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарынкең ауқымда жүргізу қажет.
С. ЖУМАЕВ,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істеріАгенттігінің
Қызылорда облысыбойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы



30 қыркүйек 2022 ж. 486 0