Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР ЕҢБЕККЕ АРАЛАСАДЫ

ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР ЕҢБЕККЕ АРАЛАСАДЫ

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетілуі, оның ішінде: бос жұмыс орындарына белгіленген квотаның орындалуы; 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және оның жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бағыттарына сәйкес, қайта даярлау курстарына оқытылған, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстардың мерзімі аяқталғаннан кейін олардың тұрақты жұмыспен қамтылуы туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында оқытуға, әлеуметтік және ақылы қоғамдық жұмыс орындарына, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері қаралып, пробация қызметі бөлімімен бірлескен жұмыстар атқарылды. 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған 66 азаматтың әлеуметтік жағдайын зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ай сайын салыстырмалы акт жасалып келеді. 2022 жылы ай сайын есепте тұрған жұмыссыздарға арналған «жұмыс іздеймін» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, аталған шараға аудандық прокуратура қызметкері, жеке сот орындаушылары, пробация бөлімінің қызметкерлері және жұмыс берушілер қатысып, 27 жұмыс беруші мекемелерден 166 бос жұмыс орындары ұсынылып, «Арал құрылысы» ЖШС-не және «Арал СДО» балық зауытына 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауға қатысты Арал ауданынан рақымшылық бойынша аудандық пробация бөлімнің есебіндегі 11 азамат жазасынан босатылды, 13 азаматтың өтелмеген жазасының мерзімі қысқартылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар болмады. 2021 жылғы 30 қарашада Арал ауданы әкімдігінің «2022 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №171-қ қаулысы негізінде 4 орынға квота белгіленді. «Арал СДО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 адам, «Арал құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 адам квота бойынша жұмысқа орналасты. Аталған қаулыға толықтырулар енгізіліп, аудан әкімінің 31.08.2022 жылы №98-қ қаулысы негізінде тағы 2 орынға квота белгіленді. Қосымша бекітілген квотаға сәйкес, «Арал құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 адам және «Арал СДО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 адам квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Квота 100 пайызға толық орындалды. Кәсіпкерлердің демеушілігімен іс-шаралар ұйымдастырылып, отбасылық жағдайларын ескере отырып 3 отбасыға азық-түлік және ақшалай қайырымдылық көмектер көрсетілді. Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасындағы 1 отбасыға IV тоқсанына 301542 теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Облыстық прокуратурасының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен қайта қылмыс жасау себептеріне және оларға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмектің сапасына жүргізілген талдау негізінде «Заңдылықты бұзушылықты жою туралы» ұсынуды қарау отырысының 2022 жылы 4 қарашадағы хаттамасына сәйкес, пробация қызметі есебінде тұрған әлеуметтік-құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аудан көлемінде жұмысшы топ құрылды. Нәтижесінде, 23 адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, жеке шаруашылығымен айналысатын 6 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлем төлеп, міндеттін әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 адамға жұмысынан айырылуына байланысты 6 айға 150 мың 840 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды, 5 адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, ондағы бос жұмыс орындарымен таныстырылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша аталған санаттағы 17 адам хабарласып, оның 12 тұрақты жұмысқа, 1 адам алғашқы жұмыс орнына, 2 адам қысқа мерзімді оқуға, 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, қысқа мерзімді оқуға жолданған 2 адам және ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Мәдени шаралар бойынша Арал аудандық мәдениет үйі 2022 жылдың мамыр айының 25 күні Арал аудандық пробация бөлімінде тіркеуде тұрған азаматтармен «Пробация туралы салиқалы әңгіме» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Арал аудандық пробация бөлімінің қызметкері мен Арал аудандық пробация бөлімінде тіркеуде тұрған 4 азамат қатысты. Азаматтарға сұрақтар қойылып, өз жағдайлары туралы айтып өтті. Тіркеудегі азаматтарды өнерге баулып өнерлерін насихаттау мақсатында М. есімді азамат домбыра аспабында күй тартып өнерін көрсетті. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 19 тамыз күні қалалық №1 кітапханада аудандық пробация қызметі есебінде тұрған жастарды тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында «Кемелдікке бастаған кемеңгер заң» тақырыбында таным сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, заң, адалдық туралы көрмеге қойылған кітаптарға тоқталып өтті. Сонымен қоса, кітапханаға жаңа түскен әдебиеттермен таныстырып, нәтижесінде пробация есебінде тұрған азаматтар кітапханаға оқырман ретінде жазылып, кітапхана ережесіне сай кітапты өз аттарына жаздырып, үйден оқуға алды. Алдағы уақытта пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың мәдени іс-шараларға қатыстырылуы жалғастырылатын болады. Биылғы жылға, 2022 жылғы 30 қарашада Арал ауданы әкімдігінің «2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №130- қ қаулысы негізінде 4 орынға квота белгіленді. Бүгінгі күнге, «Арал құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 адам квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Жыл басынан бері бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған 7 адам хабарласып, оның 3 тұрақты жұмысқа, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, 1 адамға кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Уақытша жұмысқа жолданған азаматтар (әлеуметтік жұмыс, жастар тәжірибесі, қоғамды жұмыс, алғашқы жұмыс орны т.б.) мерзімі аяқталған соң, жыл соңына дейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен қатар, пробация бөлімінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратура қызметкерлері, аудандық аурухана қызметкері және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірге ағымдағы жылдың 30 қаңтарында пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін «Ашық есік» мақсатында жеке қабылдаулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтардың ой-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Бұған қоса, ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтарға және борышкер азаматтар үшін «Еңбек» жәрмеңкелері өтті. Аталған шараға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, аудандық прокуратура қызметкерлері, жеке сот орындаушылар, пробация бөлімінің қызметкерлері және 9 жұмыс берушілер мекемелерден 60 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 адам тұрақты жұмысқа жолданды. Атқарылған жұмыстар бойынша әлеуметтік желілерге үнемі жарияланып отырылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тиісті бөлімдерге және азаматтардың тұрғылықты мекен жайы бойынша хаттар жолданып, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, бағыт-бағдар беру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
А МАЛКАЖДАРОВ,

Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы
01 сәуір 2023 ж. 276 0