Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық консультативтік-кеңесші орган отырысы өтті

Аудандық консультативтік-кеңесші орган отырысы өтті

Кеше аудан әкімінің орынбасары К. Бержановтың төрағалығымен қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Арал аудандық консультативтік-кеңесші орган отырысы өтті.
Комиссия отырысының бекітілген жоспарына сәйкес күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Хабарламаны бірінші болып Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Өтегенов жасады. Өз баяндамасында Әділжан Жеткергенұлы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуі, оның ішінде: бос жұмыс орындарына белгіленген квотаның орындалуы және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасына сәйкес, қайта даярлау курстарына оқытылған, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстардың мерзімі аяқталғанан кейін олардың тұрақты жұмыспен қамтылу туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында оқытуға, әлеуметтік және ақылы қоғамдық жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері қаралып, пробация қызметі бөлімімен бірлескен жұмыстар атқарылған.
2022 жылы пробация қызметінде есепте тұрған 66 азаматтың әлеуметтік жағдайын зерттеу жұмыстары ай сайын жүргізіліп, нәтижесінде аталған санаттағы 17 адам хабарласып, оның 12 тұрақты жұмысқа, 1 адам алғашқы жұмыс орнына, 2 адам қысқа мерзімді оқуға, 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен іс-шаралар ұйымдастырылып, 3 отбасыға азық-түлік пен ақшалай қайырымдылық көмектер көрсетілгенін, және өзге де атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Мұнан кейін, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша аудан әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды.
Одан соң, комиссия мүшелері жоғарыда аталған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Комиссия отырысының қорытындысымен, аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов жоғарыда аталған мәселелерді саралай келе, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуді тапсырып, аудан әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
24 желтоқсан 2022 ж. 316 0