Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Кеше аудан әкімі С. Сермағамбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында 1 мәселе қаралды .
Алдымен бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірлескен шаралар туралы аудандық пробация қызметі бөлімінің С. Сейталиев баяндама жасады.

Аудандық пробация қызметінің есебінен 2021 жылы 144 азамат қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрінен есептен өткен. Кезең аяғында 75 азамат пробация есебінде болған. Мұнан кейін күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ. Тоғысова қосымша баяндама жасады. Өткен жылы пробация есебі қызметіндегі 4 адам «Арал СДО» және «Арал құрылысы» ЖШС-не жұмысқа орналасқан.
Баяндамашылардан кейін сөз алған аудан басшысы пробация есебіндегі азаматтар тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамгершілікке, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасауына жол бермеуге нақты шаралар қабылдауды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен тәрбие жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарды қайталап қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды одан әрі жандандыруды жауапты мамандарға жүктеді. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қаражаты болмаған жағдайда тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алу үшін құжаттардың дер кезінде рәсімделуін қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, және біліктілігін көтеруге жіберу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Одан соң аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық ауруханаға, аудандық жұмыспен қамту орталығы, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне шартты мерзімде жазасын өтеушілерге әлеуметтік көмек, оның ішінде, білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, медициналық, сондай-ақ, құқықтық көмек көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Аудандық пробация қызметі бөлімі мен аудандық спорт және мәдениет бөлімдеріне пробация қызметінің есебінде тұрған сотты болған азаматтардың жас ерекшеліктеріне қарай мәдени және спорттық іс-шараларға тартылуын бірлесе отырып қамтамасыз ету керектігін айтты.

Аудандық білім бөліміне пробация қызметінің есебінде тұрған кешкі мектепте оқитын шәкіртке әлеуметтік-психологиялық тәрбие, өзге де қолдау жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.

Комиссия отырысында аудан басшысы халықпен кері байланыс орнату тетігін нығайту басты міндет екенін айтып, алдағы уақытта профилактикалық шараларды күшейту мақсатында комиссияның әр елді мекендерде көшпелі отырыстарды ұйымдастыру керегін және комиссия құрамына қоғам белсенділері мен тәуелсіз блогерлерді, халық қалаулыларын қосу қажет екенін айтып өтті.

Мұнан өзге тағы бір өткір мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты комиссияның жұмысын жаңа форматқа көшіру қажеттігін, сондықтан жоғарыда аталған тәсілді қолданып, комиссия жұмысын қайта ұйымдастыруды ұсынды.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы

24 ақпан 2022 ж. 909 0