Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Күне кеше аудандық прокуратураның ұсынысымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында алимент қарыздарын өндіру бағытында және аудандық пробация қызметі жұмыс барысын талқылау жөнінде ведомствоаралық мәжіліс өткізілді, - деп жазды аудан әкімінің баспасөз қызметі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбановтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының басшылары мен бас есепшілері, аудандық мәслихат депутаттары, сот орындаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде ең алдымен аудан прокуратурасының прокуроры А.Жанесенова баяндама жасап, 2019-2020 жылдардың өткен мерзімі аралығында алимент қарыздарын өндіру бағытында атқарылған жұмыстардың жай-күйін баяндады. Соның ішінде, алимент қарыздарын өндіру бойынша аудандағы жеке сот орындаушыларының жұмысын тарқатып өтті.
Белгілі болғандай, қазіргі таңда ауданы көлемінде алимент өндіру санатында 750 балаға қатысты 592 атқарушылық құжат орындалуда. Алимент өндіру бойынша жалпы берешек қарыз 54 млн. теңгеге қалыптасқан. Осы орайда, аудан прокуроры А.Тәженов қалыптасып отырған алимент қарызының көлемі өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда артып отырғанын тілге тиек етіп, алимент өндіру бағытында жүргізіліп отырған жұмыстардың жүйелі жолға қойылмай отырғандығын сынға алды.
Одан әрі күн тәртібінде аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарды қоғамға қалыптастыру, әлеуметтендіру мен олармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарының тиімділігі кеңінен талқыланды.
Атап өту қажет, бүгінде Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 2020 жылдың ақпан айына барлық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес 62-тотталған есебіне алынған. Оның ішінде, шартты жазаға сотталғандар-8, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-33, белгілі бір қызмет құқығынан айырылғандар-25, қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны біреу. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша аудан прокуратурасының прокуроры С.Жетпісбаев, аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы С.Сейталиев хабарлама жасады. Осы тұста аудан прокуроры пробация есебіне алынғандарды жұмыспен қамту барысының ақсап тұрған тұстарын атап өтіп, қылмыстың алдын алу бағытында бірінші кезекте аталған санаттағы адамдарды жұмысқа тартудың маңыздылығын баса айтты.
Мәжілісте күн тәртібідегі мәселелер кеңінен талқыланып, алдағы атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Осы бағытта нәтижелі жұмыс атқаруда бірлесе отырып, жұмыстар жүргізу қажет екендігі жөнінде тапсырмалар жүктеліп, аталған шараларды жүргізу бағытында ұсыныстар ортаға салынды.
14 ақпан 2020 ж. 647 0