Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды

Құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды

Осы аптада әкімі С.Сермағамбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Алдымен бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірлескен шаралар туралы аудандық пробация қызметі бөлімінің С. Сейталиев баяндама жасады.
Аудандық пробация қызметінің есебінен 2021 жылы 144 азамат қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрінен есептен өткен. Кезең аяғында 75 азамат пробация есебінде болған. Мұнан кейін күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ. Тоғысова қосымша баяндама жасады. Өткен жылы пробация есебі қызметіндегі 4 адам «Арал СДО» және «Арал құрылысы» ЖШС-не жұмысқа орналасқан.
Баяндамашылардан кейін сөз алған аудан басшысы пробация есебіндегі азаматтар тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамгершілікке, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасауына жол бермеуге нақты шаралар қабылдауды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен тәрбие жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарды қайталап қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды одан әрі жандандыруды жауапты мамандарға жүктеді. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қаражаты болмаған жағдайда тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алу үшін құжаттардың дер кезінде рәсімделуін қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, және біліктілігін көтеруге жіберу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Одан соң аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық ауруханаға, аудандық жұмыспен қамту орталығы, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне шартты мерзімде жазасын өтеушілерге әлеуметтік көмек, оның ішінде, білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, медициналық, сондай-ақ, құқықтық көмек көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Аудандық пробация қызметі бөлімі мен аудандық спорт және мәдениет бөлімдеріне пробация қызметінің есебінде тұрған сотты болған азаматтардың жас ерекшеліктеріне қарай мәдени және спорттық іс-шараларға тартылуын бірлесе отырып қамтамасыз ету керектігін айтты.
«Толқын» ақпарат
28 ақпан 2022 ж. 439 0