Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңкеге қатысып, жұмысқа орналасты

Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңкеге қатысып, жұмысқа орналасты

Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге  19 жұмыс беруші мекемеден  37 бос жұмыс орны ұсынылды. Қалалық пробация  қызметінің  есебінде тұрған 10  азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден  электрик, сантехник, шаштараз, есепші, аспазшы мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған  6 азамат  «Азамат» ЖШС, «Boiashak International Developenent» ЖШС мекемелеріне  жұмысшы ретінде  жолдама алды.
«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауының алдын алады. Жыл басынан  34 есептегі азамат  тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің  қаулысымен 23 жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Есептегі жұмыссыз 23 адам  квотамен жұмысқа орналасты»,- деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Д.Балғабаев.


kyzylorda-news.kz​​​
24 қыркүйек 2020 ж. 727 0