Тоқаевтың тапсырмасы: Жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген хабарламада.