Серік Жұманғарин: Азық-түлік қымбаттауы мүмкін

Министрдің айтуынша, жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қатты әсерін тигізбейді. Дегенмен кейбір тауарлардың бағасы өсуі мүмкін.
«Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5%, ал күнбағыс майы – 2,4%-ға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзірше өспейді», деді Серік Жұманғарин.