Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,7% қымбаттаған

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,7% қымбаттаған

Әсіресе, картоп, сәбіз, пияз және қарақұмық бағасы көп өскен, деп хабарлайды 24.kz.
Дегенмен сауда және интеграция вице-министрінің айтуынша, соңғы үш айда азық бағасының тұрақтануы байқалады. Жалпы жыл басынан бері азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты 290 арыз-шағым түскен. Әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын көтергені үшін 13 кәсіпкердің ісі тергеуге жіберілді. Тауар бағасын жоғарылатқаны үшін 5 кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам айыппұл төледі. Айта кетерлігі, індеттің екінші толқыны болған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті баға қайта орнауы мүмкін.
Естеріңізге салсақ, көктемдегі төтенше жағдай кезінде 9 түрлі тауарға осындай шекті баға белгіленген еді. Қазір еліміздің тұрақтандыру қорында 35 мың тоннаның азық-түлігі жасақталған.
«Егер әлеуметтік тауарға баға өссе, сауда және интеграция министрлігі шекті баға қоюға дайын. Ең бастысы, әрине, азық-түлікті қамтамасыз етілген көлемі, осы қазір ғана ауыл шаруашылығы вице-министрі айтып отыр, қазіргі кезде көкөніс және басқа да азық-түлік көлемі жеткілікті. Сондықтан бағаның өсімін біз 6-7 процент көлемінде күтіп отырмыз»,- деді ҚР сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы.
28 шілде 2020 ж. 708 0