Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 сәуірдегі ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 812 адам коронавирус инфекциясынан (–1 628+ және 184 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 628 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
жағдайы өте ауыр пациент жоқ,
ӨЖЖ аппаратында жатқан науқас тіркелмеді.