Сақ болыңыз! Алаяқтар банк атынан Рамазан айына орай сыйлықтар "беріп жатыр"

Halyk Bank-тің ресми сайтында Рамазан айына орай сыйлықтар табысталатыны немесе ұтыс ойыны өткізілетіні туралы хабарландырулар жоқ.
Банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында да мұндай ақпарат жарияланбаған.
Хабарламада фишинг схеманың белгілері бар. Онда қолданушыларға материалдық пайда табу ұсынылады және белгісіз әрі қауіпті сайтқа сілтеме жасалады.