Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Биыл 1 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қабылданған Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі екен. Сол ұсынымда 4 күндік жұмыс аптасына көшу жайы да қарастырылып отыр.

Еңбек кодексіне сай, мұнда бес күндік, алты күндік, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылып отыр. (ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша анықталады). Осы тұста жекелеген өндірістерде жұмысшылар бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуі қажет болады. Әрине, бұл жаңашылдық жұмыс уақыты, жұмыс режіміне қатысты сауалдарды айналып өтпейді. Осылайша, тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу арқылы төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол ашылады. Яғни осы аптадағы алтыншы жұмыс күнінің еншісіне келер аптаның бейсенбісіндегі демалысты олжалайсыз. Осыған байланысты үстеме жұмыстардың шекті санын 4, 5 күндік жұмыс аптасына бөледі. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс екен.

Негізі, бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып қала бермек. Бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасындағы екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді. Бұл тәжірибе көбіне кеңседе жұмыс істейтін қызметкерге қолданылған екен. Яки, еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Себебі дамыған елдерде кейбір саланың мамандары 4 күндік жұмыс режімін енгізіп үлгерді. Өйткені зерттеулер көрсеткендей, жақсы демалған адам­ның жұмысқа құлшынысы жоғары болады екен. Бұл расында жұмыс өнім­ділігі де жоғары болады дегенге келіп тұр. Тағы бір ескеретін жай, төрт күндік жұмыс тәртібі шілдеде енгізі­ліп жатса, онда жұмыс беруші мен жұ­мыс­шы уағдаласқанда жұмысшының еңбек­ақысына теріс әсер етпейтін шешім қабылдағаны абзалырақ.

egemen.kz
26 сәуір 2023 ж. 175 0