Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +25+27 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +25+27 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +29+31 градус.
28 сәуір 2023 ж. 412 0