Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше өңірде 10 градусқа дейін аяз күтіледі

Бірнеше өңірде 10 градусқа дейін аяз күтіледі

Синоптиктер 29 сәуір - 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.

«Кезең соңында Солтүстік антициклонның басып кіруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнде 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі. Шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
28 сәуір 2023 ж. 165 0