Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған медициналық көмек көрсетілген жағдайда не істеу керек?

Жалған медициналық көмек көрсетілген жағдайда не істеу керек?

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев медициналық сервистердегі жалған қызметтер туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жүйеде дәрігердің қабылдауында болмаған адамдарды дәрігерлер қабылдауында болды, медициналық көмек алды деп көрсетіп жатады. Бұл мәселенің алдын алуға бола ма? Жалған мәліметті неге жүйеге тіркеу оңай?, - деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр Бейбіт Есенбаев мұндай жағдайды алдын алу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Бізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бар. Онда арнайы call-орталыққа қоңырау шалуға болады. Алайда, әрбір азамат алдымен eDensaulyq сервисінде өзі туралы ақпаратқа көз жеткізіп, кейін ғана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінгені абзал. Екіншіден, әрбір медициналық көмек алу фактісін растауды цифрландыруға енгіземіз. Мысалы, пациент емханаға келіп, ,биометрия, QR немесе хабарлама арқылы өзінің көмек алғанын растайды. Кейін оны тексеруге болады, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
02 мамыр 2023 ж. 331 0