Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Торпақ белгісінде туғандардың мінезі қандай?

Торпақ белгісінде туғандардың мінезі қандай?

Торпақ белгісіне 21 сәуірден 20 мамырға дейін дүниеге келген адамдар жатады. 

Жер элементіне жататын белгі талғампаз келеді. Ол табандылық пен практикалық қасиеттерге ие. Торпақ қалай тиімді жұмыс істеуді біледі және еңбекті жақсы көреді, асқан шыдамдылығы арқасында жайлы өмір сүру үшін өзіне бар жағдайды жасайды. 

Олар өзгерістерді жек көреді, сондақтан жаңа ортаға бейімделуі қиын болады.

Әдемілікті жақсы көреді, түйсігі мықьы жұмыс істейді, іс бастамас бұрын жағдайды сараптауға бейім. 

Торпақ - көпшіл, музыкалық дарынды, өзіне сенімді және өзгелерге сырттай тартымды келеді. Ол өнер, қаржы, жылжымайтын мүлік саласындағы мамандықтарды таңдайды. Консервативті, қиялмен өмір сүрмейді.

Олар қауіпсіздік сезімін бағалайды, кепілдігі бар істерді жақсы көреді, жайсыз ортада өзін ыңғайсыз сезінеді, сол себепті ауырып қалуы мүмкін. Тәуекелге оңай бара қоймайды.

Қырсық. Еріншектігі бар. Бірақ жауапкершілігінің арқасында еріншектікті жеңе біледі.

Сирек ашуланады. Бірақ ашуы қатты. Қызғаншақ болғандықтан қарым-қатынаста жиі шу болуы мүмкін.

Торпақ-жұлдыздар: Рене Зеллвегер, Барбра Стрейзанд, Ума Турман, Одри Хепберн, Джеймс МакЭвой, Уильям Шекспир, Аль Пачино, Пенелопа Крус, Дуэйн Джонсон, Девид Бекхэм

massaget.kz
08 мамыр 2023 ж. 594 0