«Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталды

Бұл бағдарлама бойынша 2021 жылы 8,4 млрд теңгеге 954 несие берілген. 2022 жылы 14 млрд теңге көлемінде екінші транш қабылданып, 1120 қыз-келіншек баспаналы болды.
15,6 млрд теңге сомасында үшінші транш бөлінді, - деп хабарлады Отбасы банк.
Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр.
Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі. Бастапқы нарықта (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықта тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14,4%-дан (ЖТСМ - 15,4%-дан) басталады. Несие 25 жылға дейін беріледі.
Бұл тек әйелдерге арналған ипотека. Ипотеканы онлайн режимде рәсімдеуге болады.
Айта кетейік, несиені қаржыландыру үшін Азия даму банкі «Отбасы банкіне» 15,6 млрд теңге транш бөлді.