Жұмыссыз қалғандарға төлемақы беріледі

Жұмыссыз қалып, мемлекеттік органда тіркелген адамдар жоғалған табыстың 45%-на дейінгі мөлшердегі төлемді 1 айдан 6 айға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ала алады деп жазады sputnik.kz.
Төлемді алу үшін тиісті өтінімді жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Электронды үкімет» порталы, Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы немесе тиісті SMS-хабарламаға жауап бере отырып, проактивті түрде беру қажет болды.
Енді Halyk мобильді қосымшасының пайдаланушылары «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде де өтініш бере алады.
syrboyi.kz