Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдерге қандай дәрумендер қажет?

Әйелдерге қандай дәрумендер қажет?

Кейде әйелдер өзінің хал-жағдайына және сырт келбетіне көңілі толмайды. Бұл өмірлік маңызы бар дәрумендер жетіспейтін дұрыс емес өмір салты мен тамақтануға байланысты болуы мүмкін. Дәрумендер толыққанды зат алмасуға және ағзадағы биологиялық процестердің жылдамдауына қажет. Сондықтан да дәрумендер күнде тамақпен бірге нақты мөлшерде ағзаға түсіп тұруы керек. Ал егер ол жетіспесе, қосымша дәрумендік препараттар ішу жайлы ойлану керек. Әйелдерге қандай дәрумендер ішу керек? Бұл сұраққа Doctorpiter порталына гинеколог Ольга Уланкина жауап берді.

Әйелдерге, әсіресе, А, C, Е, К, D және В тобының дәрумендерінің деңгейін бақылау маңызды. Бұл биоқосымшаларды іше беру керек деген сөз емес. Оларды дәрігер бақылауынсыз ішуге болмайды. Себебі белсенді заттардың артық болуы олардың жетіспеуі секілді ағзаға зиян.


А дәрумені

Ретиноидтар және каротиноидтар ретінде белгілі А дәрумендері  иммунитетті қатайтады, көруді жақсартады және коллаген бөлінуіне ықпал етеді. А дәруменінің бір түрі - ретинол: оны жасартатын кремдер мен сарысуларға қосады. А дәрумені ағзаға тамақпен бірге келеді. Мысалы: жасыл жапырақты көкөністер, қызғылт-сары және сары көкөністер, брокколи, жемістер, сүтті өнімдер, жұмыртқа, бауыр, балық.

D дәрумені

D дәрумені сүйектерді қатайтады, иммунитетті жақсартады және етеккір циклінің реттелуіне қатысады. Оның жетіспеуін жиі тұмаурату, шаршай беру, мазасыздану және шаш пен тырнақ сынғыштығынан байқауға болады. D дәрумені майлы балықта, қатты ірімшікте, бауырда болады.

Е дәрумені

Е дәрумені коллаген түзілуі үшін және жасушаларды тотығу күйзелісінен қорғау үшін қажет. Ол гемоглобин синтезіне, етеккір циклінің реттелуіне қатысады және атеросклероз бен тромбоз қаупін төмендетеді. Е дәруменінің жетіспеуінен тері құрғақ, ал шаш сынғыш бола түседі. Е дәрумені жаңғақтарда және өсімдік майларында болады. Бірақ бұл өнімдердің көпшілігі майлы, сондықтан оларды көп жеуге болмайды.

К дәрумені

К дәрумені қан ұйығыштығына қатысады. Егер ағзаға ол жетіспесе, етеккір көп келеді және мұрын жиі қанауы мүмкін. К дәрумені циклдің реттелуіне және сүйек тінінің түзілуіне қатысады. Бұл дәруменнің жетіспеуі остеопороз дамуына әкеледі. Бұл пайдалы зат асжапырақ, ақжелкен, базилик, көк жуа, гүлді орамжапырақ және итмұрында болады.

С дәрумені

С дәрумені (аскорбин қышқылы) - темір сіңуіне және коллаген синтезіне қатысатын күшті антиоксидант. Косметикада ол беттің әдемі реңкіне, терінің ағаруына және әжімнің алдын алуына қатысады. С дәрумені жетіспейтін әйелдер жиі құрғақ және ұшталған шашқа, қабыршақтанатын теріге, тіс етінің қабынуына және мұрын қанауына шағымданады. С дәрумені шырғанақ, итмұрын, мүкжидек, ашыған орамжапырақ, киви, цитрустылар және қарақатта болады.

Мұрын қанауының 12 себебі

В тобының барлық дәрумендері

В тобы дәрумендері ағзаға тамақтан энергия алуға көмектеседі, жүйке және гормонды жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді және зат алмасу, бұлшықет тонусын, ақыл-ой қызметін қалыпта ұстайды. В тобы дәрумендері жетіспесе, тырнақ сынғыш бола түседі, шаш түсе бастайды, бетте қызыл бөртпе пайда болады және респираторлық жұқпаларға бейім болады. Әйел денсаулығына қажетті дәруменнің бірі - В9 немесе фолий қышқылы. Оның жетіспеуі анемияға, есте сақтаудың нашарлауына және жүктілік кезінде асқынулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. В тобының дәрумендерін көбірек алу үшін рационға балық, жұмыртқа, сүтті өнімдер, жапырақты көкөністер, бұршақтылар, шемішке, жаңғақ және дәнді-дақылдар қосу керек.

Әр дәруменнің тәуліктік нормасы бар. Оны асыруға болмайды. Сондықтан дәрумендер мен биологиялық белсенді қосымшаларды анализ нәтижесіне қарап тек дәрігер жазып бере алады. Оларды өз бетінше ішу заттар тепе-теңдігін бұзып, денсаулықты нашарлатуы мүмкін, - деп ескертті Ольга Уланкина.

massaget.kz​​​
25 мамыр 2023 ж. 190 0