Әрбір мемлекеттік қызметші моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға міндетті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2022 жылы азаматтар тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы әрекеттеріне қатысты Департаментке шағым келтірген болатын.
Осыған орай, Департамент тарапынан жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, тексеру нәтижелерімен мемлекеттік қызметшілер тарапынан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының нормалары бұзылғандығы анықталған.
Өз кезегінде, Департамент тарапынан заң бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындарына тәртіптік мәселесін қарау туралы анықталған заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар енгізілген.
Анықталған заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымдардың нәтижелерімен заң бұзушылықтарға жол берген әр түрлі санаттағы тұлғалар әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» яғни, әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заң нормаларымен айқындалған талаптарды сақтауға міндетті.
Н. Ж. АЛИЕВ,
Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы