Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық қызмет көрсету сапасына пациенттердің шағымдары көбейді

Медициналық қызмет көрсету сапасына пациенттердің шағымдары көбейді

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әртүрлі байланыс арналары арқылы Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына 744 өтініш келіп түсті, оның 254-і - медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 есеге жоғары, деп хабарлады ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:
- 1414 байланыс орталығы,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,
- fms.kz ресми сайты,
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.
Талдау көрсеткендей, байланыстың ең сұранысы жоғары тәсілі Qoldau 24/7 – мобильді қосымша арқылы өтініштердің 134 келіп түсті. Екінші орында – 1406 байланыс орталығы (112 шағым).
Қор филиалы директорының айтуынша, пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданды.
«Шағымдардың негізгі себептері - тағайындалған емдеумен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Өтініштерді талдау қорытындылары бойынша пациенттердің құқықтарын бұзу жағдайларын болдырмау немесе алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникалармен қажетті жұмыстарының бағыттарын анықтайды. Бұл үшін Қор апта сайын семинарлар ұйымдастырады, медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын түзетеді, тестілеу өткізеді, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді.
Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін Қор тұрақты түрде «Жасырын пациент» акциясын өткізеді. Қор қызметкерлері медициналық ұйымдарға «жасырын» қоңырау шалу арқылы тіркеу мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі мәселелері туралы біліміне мониторинг жүргізеді.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеру және жүргізілген төлемдер туралы Медициналық сақтандыру қорының "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы біле аласыз, немесе ҚР және egov.kz электрондық үкіметі сайтының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметіне тапсырыс бере аласыз.
21 маусым 2023 ж. 179 0