Жаман ойдан қалай арылуға болады?

Ең жақсы нұсқалардың бірі - хобби табу. Әдетте адам айналысатын ешнәрсе таппаған кезде жаман ой ойлайды. Сондай-ақ, бұл құбылыс адам жалғыз қалған кезде де болады.
Достармен серуен немесе спортзалға бару, бимен айналысу, түрлі рецептерді үйрену де көмек болуы мүмкін.
Шығармашылықпен айналысу да ұтымды тәсілдердің бірі саналады. Дәрігерлер де негативтен арылудың таптырмас тәсілі шығармашылықпен айналысу екенін айтады. Бұл жақын адамыңызбен сырласқандай әсер сыйлауы мүмкін.
Жаман ойларды қағаз бетіне түсіру. Сол сәтте не сезінгеніңізді, көңіл күйіңіз қандай болғанын жазыңыз. Кейін бұл ішкі күйіңізді талдауға, мәселе қайдан шыққанын анықтауға септігін тигізеді.
Шағымдана бермеу. Адам шағымға энергиясының көп бөлігін ысырап етеді. Шағымданбас бұрын, мәселені шешу үшін не істей алатыныңызды өзіңізден сұрап көріңіз.
Позитивті адамдардың ортасында жүру. Тек негатив көретін адамдардан аулақ болыңыз. Керісінше, әлемге оң көзқараспен қарайтындармен көбірек уақыт өткізіңіз. Олардан үйреніңіз, кеңес сұраңыз және олардың мінез-құлқына еліктеңіз.