Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихы терең мереке

Тарихы терең мереке

Бұл мерекенің орны ерекше. Иә, ел тарихымен байланысқан бұл мерекенің мәні мен мағынасы мол. Ал мұны кейінгі жастарға үлгі етіп, түсіндіру бүгінгі жастардың басты міндеті. Сол үшін айтулы мерекенің тарихына тоқталып, елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеміздің әр адамзат үшін маңызын түсіндіріп өтсек.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы бұрынғы атауымен Ақмола атанған еді. ҚР Жоғарғы Кеңесі басшысының1992 жылғы 6 шілдедегі «Орал, Целиноград, Шымкент, облыстары мен Целиноград қаласының тарихи атауларын қалпына келтіру туралы» қаулысына сай қаланың тарихи атауы қалпына келген болатын. Кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы ұсыныс жасалды. 1997 жылы 20 қазан айында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылған болатын. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
Осы орайда Ақмола қаласының тарихына көз жүгіртелік. Ақмола Ресей мен Шығыстың сауда қатынастарының көпірі іспеттес Сібір, Орал, Орта Азия көпестері қоныс аударған соң кішкене ғана қорған біртіндеп қоныстанушылар қаласына айнала бастаған. Сонымен Ресей империясының 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен Ақмола станицасына қала мәртебесі беріледі. Сонымен бірге 1968 жылғы Жарлыққа байланысты Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар сынды 5 уезден тұратын Ақмола облысы болып құрылып, сол жылдардың талаптарына сәйкес облыстың елтаңбасы бекітіледі. 1869 жылы бұл жерде 5122 адам, ал 1910 жылы 13000-дай тұрғын болған. Сондай-ақ 1916 жылдары облыс тұрғындары 1,5 миллионға жеткен екен. Кеңес өкіметі кезеңінде де Ақмола қаласы дамып, облыс орталығына айналады.
Кейін 2019 жылы 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау мақсатында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Міне, осы күні Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Заң қабылдады. Ал 2019 жылғы 23 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
Аз да болса, азығы мол, жемісі көп қаншама жыл ішінде Нұр-Сұлтан беделі мен қуаты асқан, әлемге өз үлесін қосқан жасампаз қалаға айналды. Иә, жыл сайын елімізде Астана күні кең көлемде тойланып келеді.
А.НҰРЛАНОВА
06 шілде 2023 ж. 222 0