Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір реттік жөргек, кесірін көрер кім көп?

Бір реттік жөргек, кесірін көрер кім көп?

Жалған өмірдің жылтырағы қашанғы арбайтынын қайдам, әйтеуір адамзат баласы бір арман, бір мақсаттың жетегімен жүріп келеді. Жарлы мал сұрайды, бай мансап сұрайды. Қызы көптер ұл сұрайды, ұлы көптер қыз сұрайды. Осылайша күпірлікпен өтіп жатқан өмірдің шырмауында жүрген қаншама жан жатса-тұрса бір Алладан бір перзентті жүз сұрайды. Бедеулік белең алған заманға аяқ бастық. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген аталарымыздың заманында 10-15-тен ұрпағы болса, бүгінде сол көрсеткіш тым құлдырап кетті. Тіпті бір перзентке зар болып, қамалдай қорғанда үмітпен күн кешіп жатқан жандар қаншама?! Біреулер оны нәрестенің бұтына тағып қойған бір реттік жаялықтардан көреді. Өйткені сәби сүю бақытына жете алмай жүрген жандар қатары артпаса кемитін түрі жоқ. Енді мына сәйкестікке қараңызшы? Сол бір реттік жаялықты алғаш киген буынның алды неке қиып, отау құрып жатыр. Сәйкесінше, белсіздік пен бедеулік басым елімізде. Демек сіз бен біз әлі қолданатын жаялыққа жала жабуға негіз жоқ емес.

Шүкір, халқымыз 19 миллионнан асты. Бұған дейін жауыр қылған статистика бір өзгермеп еді. Бұған соңғы 5 жылдағы бала туу көрсеткішінің жоғарылағаны дәлел. Айталық, соңғы 2022 жылдың өзінде елімізде 500 мыңға жуық нәресте жарық дүние есігін ашыпты. Қазақтың санын 19 миллионнан асырып жатқан да сол шақалақтар. Білеміз, қазақ бала санамаған. Себебі тіл-көз сұқтанғанға жау. Алайда сол баланы өсіріп-бағуға келгенде қазіргі жас ата-аналар баланы бесікке бөлеп, бабын жасағанға қарағанда жаялық (памперс) кигізіп, жерге ауната салғанды құп көретінге ұқсайды. Бала тәрбиесіне келгенде қазақтың жолы бұл емес еді. Алайда шүмек таққан шақалаққа қарағанда жаялық киген қолбалалар қатары көбейіп барады. Алдымен күндіз-түні көгілдір қорапшаның төрінен түспейтін сол жаялықтар жайына үңіліп көрсек. Айтпағымыз ақындар жырға қосқан жуылатын жаялық емес, бір реттік киілмелі әрі ыңғайлы памперс.
Соныменжаялық ағылшынның «памперс» деген сөзiн қазақшалағанда «еркелету» деген ұғымды бiлдiредi екен. Қазіргі жас ата-аналар жиі алғыс айтатын памперстің негізгі авторы кім және оны ойлап табуға не түрткі болды, деген сұраққа келейік. ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласында Виктор Миллз есiмдi өнертапқыш өмiр сүрген. Ол химиялық технологиясаласыбойыншаотызбесжыл«Procter&Gamble»компаниясында жұмыс iстеп, тапқырлығымен атағы шыққан. Шебер зейнетке шығып, қартайған шағында жалғызқызынан туған жиенiн бағуға тура келген. Әрине, жұмыс нәрестенiң тек тамағын берумен ғана шектелмейдi. Сәбидiңжаялықтарын қайта-қайта жуып, оны кептiру керек. Қарт адамға қайта-қайта нәжiс тазалау да оңай емес. Сөйтiп жүргенде шалдың миына«қайта-қайта жумайтын жаялық неге ойлап таппаймын» деген ой түседi. Сонда ғанамықшыңдапнәжiс тазалауданқұтылатыншығармындейдi. Ақыры Виктор шал әлемде алғашретнәрестенiңкiшi дәретiнсiңiрiп, үлкен дәретiн бойына жаймай ұстап тұратын жаялық ойлап тауып, өзiнiң жиенi арқылы сынақтан өткiздi. В.Миллздiң бұл жаңалығы «ПроктерэндГэмбл» компаниясының өнiмi ретiндеқабылданды. Компания алдымен жаялыққа әдемi ат ойлап бас қатырды. Одан кейiн жаялықтарды қалың халыққа жететiндей етiп көптеп өндiру үшiнжаңадан құрылғы ойлап табуқажет болды. Нәтижесінде жұрт «памперс» деп атап кеткен атау дүниеге келді. Осылайша бұл өнім әсте әлем халықтарының сұранысына ие болып, ауқымы үлкейе бастайды. Ал оның зияны немесе пайдасы турасында айтсақ.
Памперс сөзсіз уақыт үнемдеудің, тазалық пен ыңғайлықтың басты кепілдігі. Оны әп-сәтте бала бұтына кигізіп, толған уақытта бүктеп лақтыра саласыз. Әсіресе көшеде серуендегенде немесе қонаққа барғанда бұл өнім жас аналарға таптырмас дүние. Мұның көмегіне жиі жүгінетін ауыл тұрғындары да бар. «Құдай-ай, ауылдағы балаға памперстің не керегі бар, бұтына жіберіп жүре бермей ме?!» деуіңіз мүмкін. Жоқ, сіздің пікіріңізбен келіспейтін тазалық сүйгіш ата-аналар да бар. Олар бұл өнімді блоктап алдырып, күндіз-түні баласына салып қояды. Оған бойы үйренген бала есі кіргенше жаялық киіп, жатса-тұрса нәжісіне былғанатын болады. Сондықтан бұл қиындықтан әзірге ата-аналарды памперс құтқарып тұр.
Зияны ше? Бұл туралы біз айтпасақ та түрлі желілер мен көгілдір экран арқылы айтылып жатыр. Тіпті әлемдік деңгейдегі дәрігерлер де бұл өнімнің зиян екендігі жайлы дабыл қағып, оны көп қолданбауға шақырып жатыр. Бұның кесірі әрине әні-міне алып тынатын ауруға келе қоймас. Есесіне өмір бойы өкіндіріп, қайғының қара шекпенін иығыңнан түсірмей белсіздік пен бедеулікке алып баратын ауыр кесел. Қазір мұндай дертке шалдығып жатқан жастар жеткілікті. Анығында, памперстің нәжiстi өзiне сiңiрiп, химиялық жолмен буландырып жiберетiн қоспалар адамды белсiздiк пен бедеулiк ауруына душар ететiнi жайлы барлық жерде жазылып жатыр. ДәрiгерлерсоңғыжиырмабесжылдаЕуропадажаппайбелеңалғанбелсiздiкауруынтiкелей«памперспен»байланыстырады.Өйткенi памперскиiпөскенбаланыңқуатықырыққажетер-жетпестетоқырап, белсіздікке ұшырап жатады.Себебi не?Жалпақтiлменайтқанда,ұлбаланыңмүшесiнiңұшыменқалтасыныңқалыптытемпературасыболадыекен.Жасбала«памперске»кiшiдәреттiжiбергенмезетте,әлгiтабиғитемпературабiрденжоғарылайды.Азданкейiн«памперске»сiңгензәрқайтадантастайболыпсуиды.Осындайқысқааралықтабiркүйденекiншiкүйге алмасқан температурааталықбездiңдамуыншектейдi. Нақтырақайтқанда, уақыт өте табиғиқуатынжойыпжiбередi.Бұндайжағдайқызбалағадакерiәсерін береді. Яғни аналықбездiңдамуынакерiәсерiнтигiзедi.АҚШжәнеЕуропаелдерiндеозықойлыдәрiгерлер«памперстi»қолдануғақарсынешетүрлiакциялардаұйымдастырып,халықтыжайлыжаялықтанбастартуғаүндеуде. Олар«памперс»шығаратынкомпанияларғаөнiмөндiрудiтоқтатдепотырғанжоқ, тек ата-аналарға оны көп пайдаланбауды айтып дабыл қағуда.
Өмірге 6 бала әкеліп, барлығын тәрбиелеуде памперс деген дүниені пайдаланып көрмеген Дариха бүгінде балаларының денсаулығына қатысты қандай да бір шағым айтпағанын айтады. Бүгінде алты баласынан немере -шөберелер сүйіп отыр. Қолындағы немерелеріне де әлгі памперс деген дүниені көп жолата бермейді. Керісінше, баланы баппен бесікке бөлеп, шүмек кигізіп, денсаулығын сақтауға баса мән береді.
– Біз де жас болдық. Жас ана кезімізде енеміздің көп көмегі тиді. Келіндік тәжірибеде сен айтып отырған дүние болған емес. Болса да пайдаланбаған болар едім. Өйткені баланың жайлы орыны бесік болғандықтан оған шүмектен артық дүниенің қажеті бар ма? Үлкен дәрет болсын, кіші дәрет болсын бесіктегі бала үшін зиянды ештеңе жоқ. Ал қазір баланы әлгі памперсімен бірге бесікке бөлей салатын жастар көбейген. Оларға шүмек салу машақаты ауырлық келтірсе керек. Дайын шүмектің өзін салмайды. Таңым бар. Бұрын аталарымыз қойдың асық жілігінен ер балаға бөлек, қыз балаға бөлек шүмек жасап беретін. Сол сүйек шүмектер бесік жабдығының бір бөлігі болды. Қазір ондай дүниелер ұмытылып бара жатыр. Памперс деген бәле шыққалы бесік те басқа да ұмыт болып бара жатыр, – дейді көп балалы ана Д.Нағашыбайқызы.
Түйін:Памперстің зияны жайлы жұрттан сұрамасақ та көбі біледі. Алайда баланың болашағына алаңдайтын ата-аналардың дені әлгі жайлы жаялықты алуға пейіл. Бұл нені білдіреді?Демографияның дүмпиуі осыдан басталып жатыр. Памперс киіп өскен баланың бүгінде үйленер жасқа жеткенін ескерсек, белсіздік пен бедеулік белең алғанын аңғарып жүрміз. Үлкендер бесікте жатып шүмек таққан балада белден төмен сау болады деп жиі айтушы еді. Рас-ау. Сонда жаялық ұлдардың насыбайына жау болғаны ма? Анығында солай шығар. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

А. БИСЕНОВ
15 шілде 2023 ж. 190 0