Жұмыссыздық мәселесі басты назарда

Іске асыру механизмі бойынша NEET санатындағы жастардың санын төмендету, еңбек нарығын күшейтіп өнім өндірудегі бәсекелестігі арттыру, өндірістік кооперативтер және бригадалар жұмысын біріздендіріп жас кәсіпкерлердің пайда болуына жағдай жасалады.
Сондай-ақ жастардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы дамуына үлес қосуды көздейді. Еңбек жасағаның ортақ логотипі
Қарапайым еңбек ету жолымен көтеріліп, кіндік қаны тамған жерінен жырақтамай, биік баспалдақтарға, кейін білімін жетілдіріп, ауылдың өркендеуіне, шаруашылығының дамуына бойындағы жастық жалынын, күш-қайратын үйлестірген «Еңбектің майталманы» саналған лайықты жастар қоғамға үлгі ретінде дәріптеледі. Бұған дейін, аймақтағы барлық жастар ресурстық орталықтары жұмыссыз жүрген және уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың басын біріктіріп, «Еңбек жасақтарының» қатарын кеңейтіп, іске асыру механизіміне бірнеше еңбек адамдарын толықтыруды, жан-жақты насихаттау жұмыстарына жұмылдырылып, республикада көш бастаған Өңірдің бірі болатын.
Ақпарат ретінде: өткен жылы өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар толық орындалды. Осының нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайызға төмендеді. Аймақтағы жалпы жұмыс күшінің саны 347,2 мың адам, оның ішінде 22,2 пайызы немесе 77,1 мыңы жастар. Бұған қоса, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін 73 мың жас бар.
#ЕңбекАдамы
#ЕңбекЖасағы