Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқулықтары қашан толықтай цифрлық форматқа көшіріледі

Мектеп оқулықтары қашан толықтай цифрлық форматқа көшіріледі

Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді

Келер жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитеті мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Бүгінде оларды әзірлеуге 11 қазақстандық баспа жұмылдырылды.

Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған, – деді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады.

Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

turkystan.kz
24 шілде 2023 ж. 271 0