«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жедел профилактикалық іс-шараның басты мақсаты қарудың заңсыз айналымының жолын кесу, ұрланған және жоғалған қару мен оқ-дәрілерді іздестіру болып табылады. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатыны ескертілуде.
Сонымен қатар Арал теңізі станциясы Желілік полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері қызмет көрсету учаскесінде орналасқын разъездер, станция тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ерсейтов Болатбек Жаңабергенұлы,
Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры
Фото: shalqargazeti.kz