Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар қажет

Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мақсатында жыл соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізде 11 317 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 89,1%-ды құрайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады.

Кезекке қою және жолдама беру электондық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
Өтініш (Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
Баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты;
№ 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;
№ 027/е нысанды анықтама;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін);
Айта кету керек, қазіргі таңда балабақшаға кезекке қою тәртібіне өзгерістер енгізілуде. Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою және қабылдаудың бірыңғай базасы құрылуда.

03 тамыз 2023 ж. 262 0