Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорда әкімдігі: Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап қана қабылданбайды

Елорда әкімдігі: Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап қана қабылданбайды

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының стратегия, сандық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Жазира Асанова елордалық балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережелерін түсіндірді.

Асанованың сөзінше, «Білім туралы» заңда баланың 6 жастан мектепке баратыны нақты жазылған. Яғни 1 қыркүйекте бала 6 жасқа толған болса, мектепке баруы тиіс. Мектепке дейінгі білім беру ережелері бойынша, бала 6 жасқа дейін отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленеді. Мұнан кейін мектепке баруы тиіс.
«Мұнда бірнеше ерекшелік бар. Егер 1 қыркүйекке дейін бала 6 жасқа толмаса, алайда жыл соңына дейін аталған жасқа толатын болса, бала қалауы бойынша мектепке бара алады. Егер бала 6 жаста болса және жасы 7-ге келіп қалса, бұл ретте де мектепке бара алады. Мұнда ешқандай шектеу жоқ», - дейді Асанова. 
Сонымен қатар ол 5-6 жастағы әр бала бірінші сыныпқа бармас бұрын мектептер, балабақшалар немесе шағын орталықтарда тегін негізде мектепалды дайындықтан өте алады.
13 маусым 2019 ж. 930 0