Жемқорлықты жеңу баршамызға жүктеледі

Жалпы түсіне білгенге парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізеді. Сондықтан бірінші кезекте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Ол үшін ең алдымен қызметшілердің білім деңгейі мен әдептілік ұстанымы жоғары болу қажет.
Бірақ бұл тек мемлекеттік қызметкерлер ғана міндетті деген сөз емес. Жең ұшынан жалғасқан әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – азаматтардың арыз-шағымы. Елдің әрбір азаматы Ата Заңдағы талаптарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады» дегендей әділдікті, адами тазалықты бойымызға сіңіре алсақ, алынбайтын белес болмайды. Ендеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бәріміздің үлесіміз барын естен шығармау қажет.
Пернегүл Қарасаева,
Құланды ауылдық клубының әдіскері