Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша ауруы асқынып кетсе не болады?

Қызылша ауруы асқынып кетсе не болады?

Қызылшаның негізгі қауіптілігі оның өте жоғары жұқпалы болуынан, - деп хабарлайды massaget.kz gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Иммунитеті төмен адам қызылша ауруын тез жұқтырып алады.
"Қызылша ауруының алғашқы белгілері жедел респираторлық инфекцияларға ұқсас - құрғақ жөтел, жоғары температура 38-39 градус. Бас ауруы, жүрек айну, көздің шырышты қабығының қызаруы, әлсіздік және тәбеттің жоғалуы мүмкін", - деп дәрігер Роман Иванов.
Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ, бірақ науқастың жағдайын дәрігер бақылап отыруы керек.
Дәрігер Роман Ивановтың айтуынша, төтінші күні құлақтың артында қызылшаға тән бөртпе пайда болады, содан кейін ол бетке, мойынға, денеге, қол мен аяққа таралады. Бөртпе жоғарыдан төменге қарай таралады. Аяқтарда пайда болған кезде ол бетінде бірте-бірте жоғала бастайды.
Қызылша ауруының үштен бірінде асқынулар болады. Көбінесе олар аурудың ортасында, бөртпемен бір мезгілде пайда болады.
"Қызылшаның ең жиі кездесетін асқынулары – бронхит, пневмония, отит медиасы, энцефалит және энтероколит (ішектің қабынуы)", - деді дәрігер.
Ивановтың айтуынша, қызылшаның алдын алуға тек екпе ғана көмектеседі. Екпе алған адамдар ауырмайды немесе жеңіл қабылдап жүреді.
"Екпені балалар екі реттен, бір жаста және алты жаста алуы керек. Екпеден кейінгі иммунитет – қызылша вирусына қарсы IgG антиденелері қанда 10 жастан 18 жасқа дейін сақталады. Қызылшаға қарсы иммунитеттің күшін бақылау үшін ересектерге бес жыл сайын қызылшаға қарсы IgG антиденелерінің деңгейін тексеріп отыру қажет. Егер антиденелер болмаса, қайта екпе алуы керек", - деді дәрігер Роман Иванов.
Еске сала кетейік, осыған дейін ауырсынуды басатын дәрілер асқазан жарасын тудыратыны туралы хабарлаған едік.
08 тамыз 2023 ж. 426 0