Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 тамыз күні Қызылордалық полицейлер «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қаратөбе ауданынан алты шақырым жерде ірі есірткі алқабын анықтады. Оқиға орнында Жаңақорған ауданының 65-53 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Жедел тергеу тобы тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 52 түбін анықтады.

Полицейлер ірі есірткі алқабынан ұсталғандардың жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі. Сонымен қатар 52 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 10 келі 936 грамм болып шықты.

Күдікті азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚР-ның 300-бабы 2-бөлігіне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

syrboyi.kz
09 тамыз 2023 ж. 256 0