Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы әкімінің оқу гранты бөлінді

Қызылорда облысы әкімінің оқу гранты бөлінді

Биыл Сыр жастарына облыс әкімінің 100 гранты бөлінді. Аймақ басшысының оқу гранты Қызылорда қаласы мен аудандар арасында халықтың санына қарай беріледі.

Нақтырақ айтқанда, Арал ауданы бойынша – 10, Қазалы ауданы бойынша – 8, Қармақшы ауданы бойынша – 12, Жалағаш ауданы бойынша – 4, Сырдария ауданы бойынша – 9, Шиелі ауданы бойынша – 8, Жаңақорған ауданы бойынша – 9, Қызылорда қаласы бойынша – 40 грант. Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте кеңінен тоқталды.
"2021-2023 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаның іске қосылатынын ескере келе 2023-2024 оқу жылына 100 маман, атап айтқанда, білім саласы бойынша – 49 (орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғәлімі – 6, шетел тілі – 5, химия - 4, информатика – 4, тарих – 2, физика – 3, музыкалық білім – 4, математика – 9, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2, дене шықтыру және спорт – 7, дәстүрлі музыка өнері - 3), денсаулық сақтау бойынша – 15 (жалпы медицина - 15), су шаруашылығы бойынша – 8 (су ресурстары және суды пайдалану - 8), ауыл шаруашылығы бойынша – 8 (агрономия – 6, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы - 2), инженерлік сала бойынша – 4 (инженерлік жүйелер және желілер - 4), электр энергетикасы бойынша – 4, құрылыс бойынша – 2, жерге орналастыру бойынша – 2, хореография бойынша – 3, ақпараттық технологиялар бойынша мамандықтарға – 2, дін саласы бойынша – 2, азық-түлік өнімдерін өндіруге 1 маман даярлау жоспарланды.
Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей: 83 грант – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 15 грант – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 грант – Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне берілді. Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік грант конкурсына талапкерлерден өтінім қабылдау шілдеде аяқталды. Конкурс нәтижесі тамыз айының басында жарияланды. Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлер облыс әкімінің грантына үміткер бола алады", – деді Ғабит Жұмабекұлы мәлімдеді. Түлектер. Көрнекі сурет: pixabay.com Құжаттар тамыз айының 10-нан бастап қабылданды және оны тағайындау туралы шешім аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданатын болады. 100 студенттің оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 85,2 млн теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілетін болады. Айта кететін жайт, соңғы 10 жылда еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 1 303 студент облыс әкімінің грантын иеленген.
11 тамыз 2023 ж. 348 0