Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірқышқыл газы өмірге қауіпті

Көмірқышқыл газы өмірге қауіпті

Көмірқышқыл газбен улану көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұның себебі, көмірқышқыл газы (көміртектің монооксиді) өте улы және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға өте ауыр зиянын тигізеді. Көмірқышқыл газдың исі, дәмі болмаса да ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан, топырқтан да кіріп кететін қасиетке ие. Әдетте улану қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтамағандықтан болады.
Уланудың басты себептері ол пешті дұрыс соқпау және пештің және газбен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы, көліктің қозғалтқыш қосулы болып, ауа алмаспайтын жабық жерде уақыт өткізуі, өрт, жеткілікті ауа айналымы жоқ газдалған мекеме болу тағы сол сияқты.
Жоғарыда көрсетілген себептер, жеңіл улануға тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік шараларын қолдану өте маңызды.
Мысалы: газды құрылғыларды өздігінен жөндемеу;
Газдық құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын ара-арасында тексеріп отыру;
Пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру;
Қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау;
Газды пешпен немесе тұмша пешпен (духовка) бөлмені жылытпау;
Бір уақытта газды пештің барлық комфоркаларын қоспау;
Пештің бүтін екенін қолданбастан бұрын тексеру;
Жану бітпестен, пешті түні бойына қараусыз тастап кетпеу;
Жабық көлік жайдың (гараж) ішінде, қозғалтқышы қосулы көлікті жөндемеу.
Адамды уланудан қорғау үшін және уланудан кейінгі зардаптарды азайту үшін тек уланудың алдын-алу жеткіліксіз. Сол себепті улану туралы ақпаратты жүзеге асырылмаған жағдайда қажетті көмек көрсете білу қажет. Көмірқышқыл газымен уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
Дәрігерге дейінгі көмек – улаған адамды газды бөлмеден шығару, улағыш газды бөлмеден кетіру. Алғашқы көмек көрсетіп жатқан адам, өзі уланып қалудан сақтануы қажет.
Көмірқышқыл газы шоғырланған жерден зақымданған адамды алып не болмаса көтеріп шығару керек. Бұл алғашқы көмек көрсетердегі өте маңызды іс.
Уланған адам қандай жағдайда болмасын тез арада жедел-жәрдем шақырту қажет.
Жеңіл деңгейде уланған адамға қант қосып, қою шай беру керек. Жылынып біраз демалуы уланған адамға көмегін тигізеді.
Естен танып жатқан адамды тегіс жерге қырымен жатқызып, жағасын белбеуін шешіп, таза ауаға дем алдыру қажет. Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып, мұрнынан 1-см алшақ ұстап искету керек.
Жүрегі тоқтап немесе жүрек қағысы әлсіз адамды қолдан дем алдырып, кеудесін, жүрек тұсын уқалау керек.
Жоғары да көрсетілген амалдарды жасап біткен соң, жедел-жәрдемнің келгенін күту қажет.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
14 тамыз 2023 ж. 150 0