Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада оқушылар үшін қосымша ғимараттар салынады

Қызылордада оқушылар үшін қосымша ғимараттар салынады

Қызылордадағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі 600 орынға есептелсе де, қазір онда 2 275 оқушы білім алып жатыр. Сол себепті қараша айында мектеп-лицейдің жанынан 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталған. Жаңа оқу жылына қарай мектептің қосымша ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқушы саны көп білім ошақтарының мәселесін тағы бір мектеп салып шешкеннен гөрі жанынан осындай қосымша ғимараттар салған тиімді. Қазір қала орталығында бос жер болмағандықтан, жаңа мектеп шет жаққа түседі. Оған балаларының барып-келуі ата-аналарға қиындық туғызады. Балалардың өз үйіне жақын, үйренген мектебінде оқығаны екі жаққа да қолайлы», деді облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі осындай қосымша ғимараттар №3, №264 мектеп-лицейлері мен Абай мектебінің жанынан салынып жатқанын қоса хабарлады.
14 тамыз 2023 ж. 181 0