Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 тамызға арналған ауа райы болжамы

16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің оңтүстік-шығысында және шығыста таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр және жылбысқы қар) жауады.

Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша екпінді жел тұрады.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз еліміздің шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде 36°с дейін қатты ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағанды қаласының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында өрт қаупі жоғары.

kyzylorda-news.kz
16 тамыз 2023 ж. 105 0