Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Күзге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер күздегі ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыркүйекте орташа температура республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Бұл құбылыс Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының шеткі солтүстік-батысында байқалады.

Күздің бірінші айында жауын-шашын мөлшері де республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Бұл құбылыс Маңғыстау облысы мен Ұлытау облысында, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Жетісу облысының басым бөлігінде, Атыраудың шеткі оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының шеткі оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстік-батысында байқалады.

Қазанда ауаның орташа айлық температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормаға жақын болады деп күтіледі. Қазанда республика бойынша жауын-шашын нормаға жақын болады деп болжанған.

Қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарында нормаға жақын болады деп күтіледі.

Қарашада жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады, нормаға жақын Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте Алматы облысының жартысында, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауады.
22 тамыз 2023 ж. 171 0