Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин екінші рет әке атанады

Илья Ильин екінші рет әке атанады

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин екінші рет әке болады. Қуанышты жаңалықпен спортшының келіншегі, белгілі кәсіпкер Татьяна Ильина Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Достар, жанұямыздағы ең үлкен қуанышымызбен бөлісетін уақыт келген секілді. Құдай, бізге ата-ана болуды бұйырыпты, ұзағынан сүйіндірсін!

Шыны керек, осыдан екі жұма бұрын УЗИ бізге ұлды болатынымызды көрсетіп еді. Сол кезде екеуміз оны қалай атайтынымызды, қандай спорт түріне беретінімізді шешіп әлек болғанбыз. Алайда «адам жоспарлайды, Алла шешеді» демекші, Құдайдың өз жоспары бар екен. Осы жолы болашақ сәбиіміздің ұл емес, қыз болатынын білдік. Ондайды күтпедік. Бірақ ұл болса да, қыз болса да қуанышымыз одан ортаймайды. Бастысы біз сәбиімізді жанымыздан артық көреміз, келуін күтеміз!», – деп жазған Татьяна Ильина.

Еске салсақ, ерлі-зайыптылар биылғы Жаңа жылда отасқан болатын. Сол кезде тойы қазақы салт-дәстүрде өткен еді.
07 қыркүйек 2023 ж. 320 0