Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіпке бағынған құл болмайды, бағынбаған тұл болады

Тәртіпке бағынған құл болмайды, бағынбаған тұл болады

Қоғамдасып өмір сүрген қауымда қашанда өзіндік сенімдер, талаптар, шарттар мен заңдар болатыны хақ. Сол заңдарға бағыну арқылы елде тыныштық, татулық пен бірлік, әділдік пен мәдениеттілік орын алады. Шығыс ғұламасы «Заң биік болғанда ғана әлем тыныш болмақ» десе «Өзі шығарған заңды өзі орындамаған ел түбі құл болады» дейді дана Солон. Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ дегендей, ақиқаттың заң жалғыз жолдасы емес пе. Пайғамбарлардың барлығы заңға, талапқа бағынуды міндеттеді. Ендеше дін талабын орындамау заңға бағынбау деген сөз. Бұған қатысты көптеген хадистер бар. Ал Поль-Мишель Фуко «Заң қашан да найзаның ұшында жүреді» деп қаталдық пен тәртіпті тап басып айтқан.
Тәртіп – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жасықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлде бір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі деп анықтама берілген. Оны бұзушының жазасы тағы сол заңның қолында.
Бүгінде қоғамға қауіп төндіріп тұрған жайттың бірі діни фанаттық. Белгісіз бір алып күштер қай мемлекеттің болса да шырқын бұзуды осы сала арқылы оңай іске асырып келеді. Ол үшін сауатсыз топты тауып, оған қолдан жасалған көсем жібереді. Сөйтіп, елдің ішін ылаң етеді. Сондықтан діни экстремизмді насихаттаушы материалдарды таратуда, діни араздық тудыруға және заңсыз миссионерлікпен шұғылдануға, дін саласындағы заңдылықтарды бұзғанда ҚР Заңдарына сәйкес қандай жауапкершілік қаралғанына егжей-тегжейлі тоқталсақ.
161-бап: Агрессиялық соғысқа шақыру немесе оны насихаттаумен айналысқан адам 3-тен және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
174-бап: Әлеуметтік, ұлттық, тайпа-рулық, нәсілдік, тектік, діндік алауыздық, қақтығыс туындатқан, әдейі ұлттық намысқа тиіп, діни сенімді кемсіткен адам 2-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
180-бап: Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға шақыру.Мұны БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы істеген адам 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
256-бап: Лаңкестікті насихаттау, лаңкестікке ашық шақыру. Бұл бойынша кінәлі тұлға 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, мүлкі тәркіленеді.
274-бап: Жалған ақпарат тарату. Осы арқылы қоғамдық тәртіпке, азаматтардың, мекеменің заңды құқықтарына, мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделеріне нұқсан келтірген адамға 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немес осынша сомаға тең мерзімге түзету жұмыстарына жіберіледі. Кейде 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабында «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға» байланысты тәртіпті жаза қарастырылған. Осы баптың 3 тармағында миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті,діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы – Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегі мен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл заң талаптары әрбір адамның жадында болуы тиіс. Себебі, дінді өзі қатты ұстанбаса да, танысы қатты ұстанып, заңсыз әрекеттерге бел бууы мүмкін. Сондай уақытта берер ақыл-кеңесіне айналмақ.

Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы бойынша әзірленді

Фото: ummet.kz

09 қыркүйек 2023 ж. 649 0