Тазалық шарасы өтті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов қала бойынша өткен сенбілік шарасының барысын арнайы бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтап шықты. Аралау барысында қала тұрғындарын өз аумақтарын таза ұстау мен қала тазалығын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
Атап өту қажет, әр сектор бойынша тазалық шарасына арнайы ауыр техникалар тартылған.



