2024 жылы қай маман иелерінің жалақысы өседі?
Бүгін Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылады. Құжатта Қазақстан азаматтарының жалақысын көтеруге қаражат бөлу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы министрлігі ұсынған есеп бойынша, 2024 жылы үй шаруашылықтарының кірістерін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруға 3,5 трлн теңге қарастырылған. Оның 2,5 триллионы 1,5 миллионнан астам бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалмақ.
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30 пайызға көтеру үшін бюджетте 96 млрд теңге қарастырылған.
242 млрд теңге ғылымды қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл 616 жетекші отандық ғалымдардың жалақысын арттырады.
Мемлекеттік табиғи және орман қорғау қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 15 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ олар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің жекелеген санаттары мен жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.
Жалпы, энергоблокқа 2,6 триллион теңге көлеміндегі шығындар енгізілген.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған еді.
Фото: inbusiness.kz