Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фортификацияланған ұнның пайдасы

Фортификацияланған ұнның пайдасы

Ұнды фортификациялау дегеніміз – ұнды адам ағзасына қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту. Фортификация-дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі.
Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процессі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі — 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемге аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы.
Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі — ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады.
Соған сәйкес Арал ауданы бойынша нан өнімін шығаратын кіші нан цехтарға және сауда нысандарына құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа заттармен байытылған, фортификацияланған ұнды пайдалануға және сату туралы арнайы ұсыным хаттар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

А САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы 

Фото: ​gov.kz​​​
12 қыркүйек 2023 ж. 423 0