Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина тағы бір турнирде топ жарды

Елена Рыбакина тағы бір турнирде топ жарды

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өткен Eisenhower Cup турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена америкалық теннисші Тейлор Фрицпен жұптасып, финалда Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенге қарсы кортқа шықты.

Шешуші кездесуде Рыбакина мен Фриц жұбы қарсыластарын 10:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Айта кетейік, турнир 10 ұпайға дейінгі тай-брейк форматында өтті.

Аталған жарыстың жалпы жүлде қоры 200 000 АҚШ долларын құрайды.
Фото: stan.kz
04 наурыз 2026 ж. 44 0