«Қар аралас жаңбыр жауады». 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
«Бүкіл кезең бойына шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында, барлық кезеңде таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжанды. Республиканың оңтүстік-шығысындағы облыстарда түнде қар аралас жаңбыр жауады», деді мамандар.
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.