Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күн күрт ысиды

Елімізде күн күрт ысиды

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күн күрт ысиды. Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

«Қазгидромет» мәліметінше алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел, жаңбыр күтіледі. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

«Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылыға дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 жылы болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22-30 градус жылы ауа райы сақталады», делінген хабарламада.
06 қыркүйек 2023 ж. 138 0