Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Қызылордада кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын 26 кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Мәселен, бірқатар бизнес-қоғамдастық өкілдері өңір кәсіпкерлері арасында газ көлемін бөлуде ашықтық сақталмауы мәселесін көтерді.

Келіп түскен өтініштердің негізінде Департамент көрсетілген мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Мониторинг газды бөлу рәсімін жүзеге асыру кезінде адал бәсекелестік қағидаттары сақталмағанын көрсетті.

Нәтижесінде, аталған мән-жайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ошақтарын тудырды.

Айта кетсек, өңірде сұйытылған газды сатумен 26 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

Мониторинг жергілікті атқарушы органның жанынан газ бөлу жөніндегі Комиссия жұмыс істейтіні және оның қызметі аталған кәсіпкерлердің белгілі бір тобына газды негізсіз үлкен көлемде бөлу, сол кәсіпкерлерге газдың қосымша көлемін басқаларды хабардар етпей бөлу мүмкіндіктерімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырғанын көрсетті.

Мәселені талқылау және шешу мақсатында Департамент «Атамекен» алаңында кәсіпкерлермен уәкілетті мемлекеттік органдар басшылығының шақыруымен кездесу ұйымдастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша газдың қосымша көлемін алмаған кәсіпкерлерге 20-дан 30 тоннаға дейін отын бөлінді.

Бұдан басқа, Қызылорда облысының әкімдігі «сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы» жаңа қаулы шығарды (08.09.2023 ж. №156), ал алдыңғы қаулының күші жойылды.

Жаңа қаулы шағымдану тетігін, өңірге газдың қосымша көлемін жеткізу кезінде кәсіпкерлерге хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы міндеттемені, жолданған өтінімнен тыс газ көлемдерін алудың қолжетімсіздігін, қосымша газ берудің егжей-тегжейлі процесін және т.б. көздейді.

14 қыркүйек 2023 ж. 240 0