Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобуста тегін жүруін талап етті

Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобуста тегін жүруін талап етті

Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобустарда тегін жүруін сұрап петиция құрды, деп хабарлады turkystan.kz.

    «Қоғамдық көлік кондукторы жол ақысын төлемегені үшін баланы маршруттан шығарып жіберетін көптеген ашықтан-ашық жағдайларды жұртшылық біледі. Бұл қалада, облыстарда, елді мекендерде, бала мектептен және мектептен тыс аумақта да орын алады. Ал балалардың көбі қоғамдық көлікті пайдалануға мәжбүр, отбасының кейде баланың жол жүру картасын толтыруға мүмкіндігі бола бермейді», – деп түсіндірді петиция авторлары.

Сондай-ақ құжатта тұрғылықты жеріне қарамастан, мейлі ауыл, мейлі қала болсын, барлық балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі болуы керектігі атап өтілген.

    «Бұл бастамамды ата-аналар қолдайды деп ойлаймын, бұл жеңілдік бүкіл Қазақстан бойынша болуы керек. Халық салық төлейді және балаларының тегін жүруін талап етуге құқылы. Сондай-ақ бұл жерде балалардың құқығы бұзылмайды деп сенемін. Көлік жүргізушілері оларға дұрыс қарап, діттеген жеріне жеткізеді», – делінген құжатта.

syrboyi.kz
17 қыркүйек 2023 ж. 174 0