Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Арал аудандық сотының 2023 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен азамат К-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.
Алайда, К. ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған тұлғаларға қатысты 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

Фото ашық дереккөзінен алынды 

18 қыркүйек 2023 ж. 279 0